31
май
2022
Балалар жылы аясында, ШҚО жасөспірімдер мен балалар кітапханасымен бірлесе 7 “А” сыныбында "Қасіретке толы кезең" тақырыбында іс-шара өтті.

Іс – шара барысында балалар өткен ғасырдың 1931-1933 жылдардағы жазықсыз қаза тапқандар, саяси қуғын-сүргіннен қаза тапқандар немесе зардап шеккендер, күштеп жер аударылғандар, сонымен қатар жаппай ұжымдастыру жылдарында аштықтан қайтыс болған тұлғалар туралы білді. Куғын-сүргінге ұшыраған көрнекті ғалым және мәдениет қайраткерлері: А.Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Дулатов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров және тағы басқа есімдер аталды.
КарЛаг (Қарағанды лагері), Степлаг (дала лагері), АЛЖИР (Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандардың әйелдерінің лагері) сынды сілтемелер де назардан тыс қалған жоқ. Кіріспе бейнефильмді көргеннен кейін, олар контур картада лагерьлердің орналасқан жерін, сондай-ақ олардың көмегімен Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірін еске алу үшін орнатылған ескерткіштер мен мемориалдық кешендерді көрсетті. Өткен іс-шараның жас ұрпақ үшін тәрбиелік, тарихы маңызы зор.