20
апрель
2022
ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен бірлесе Облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясы 4 сынып оқушыларымен өткізілді.

20.04.22ж ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен бірлесе Облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясы 4 сынып оқушыларымен өткізілді. Дауыстап оқу барысында оқушылардың назарына «Құдіретті күйші» беларус ертегісі ұсынылды. Кітапхана қызметкері шығарманы мәнерлеп оқып, 📚оқушылар арасында мазмұны талқыланды. Шығарманы оқи отырып оқушылар сюжетті қадағалай білуге, мәтіннің мазмұнын түсінуге, өз ойын білдіруге тырысты.Сөз қорларын дамыта отырып, қойылған сұрақтарға мәтін бойынша жауап берді. Сонымен қатар атақты күйшілер Қорқыт ата, Қ.Сағырбайұлы, Д.Нұрпейісова туралы ақпараттар алды.🤩