21
апрель
2022
ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасында«Экология – ел тағдыры» атты танымдық сайысы
21.04.22ж 3 сынып оқушыларына ШҚО балалар мен жасөспірімдер кітапханасында«Экология – ел тағдыры» атты танымдық сайысына қатысты. 🏞 Шара оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тәрбиелеу мақсатында 6 бөлім бойынша жүргізілді. Сайыс барысында қатысушылар «Табиғат білгірлері» атты экологиялық викторинаға, «Болады – болмайды» қимылды ойынына белсене қатысып, «Суретті құрастыр» кезеңінде өз алғырлықтарын көрсетіп, экология тақырыбында постер қорғады. 🏷 «Дұрыс-бұрыс» жұмбақтар сайысы, «Томар» қозғалмалы ойыны және т.б танымдық тапсырмалар балаларға табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы қорытынды жасауға көмектесті
