Қалдықтарды бөлек жинау бойынша эко-мәдениетті қалыптастыру
Мектебімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды кездесу өтті. Жасыл даму АҚ мамандары оқушылармен жүздесіп, «Қалдықтарды бөлек жинау бойынша эко-мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында мазмұнды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың маңызы, саналы тұтыну дағдылары, табиғи ресурстарды үнемдеу жолдары және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың мәні кеңінен түсіндірілді. Әрбір әрекетіміздің табиғатқа әсері бар екені айтылып, кішкентай қадамдардың өзі үлкен өзгерістерге бастайтыны ерекше атап өтілді.
Оқушылар экологиялық сауаттылықтарын арттырып қана қоймай, болашақта табиғатты қорғауға белсенді үлес қосуға деген ынталарын білдірді. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.





