07
апрель
2026
Денсаулық мектебінің 7 сабағы
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні аясында мектебімізде тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Мектеп дәрігері 8-сынып оқушыларымен жүздесіп, жасөспірімдер денсаулығын сақтау мен нығайтудың маңызы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында «Денсаулық мектебінің 7 сабағы» тақырыбы кеңінен түсіндіріліп, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» қағидасының мәні ашылды. Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау және зиянды әдеттерден аулақ болу жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
Сонымен қатар, тақырыпқа сай ақпараттық буклеттер таратылып, әр оқушы өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігін ұғынды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға, олардың саналы да сергек өмір сүруіне бағыт-бағдар беретіні сөзсіз.