07
апрель
2026
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні аясында мектебімізде тағылымы мол шара өтті
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні аясында мектебімізде тағылымы мол шара өтті.
Оқушыларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің арнайы жолдаған бейнеүндеуі көрсетіліп, онда ұлт саулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы кеңінен насихатталды. Бейнеүндеу арқылы жас буын денсаулықты сақтаудың қарапайым да маңызды қағидаларымен танысып, өмірге деген жауапкершілігін тереңірек сезінді.
Бейнеүндеуде дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке бас гигиенасы және зиянды әдеттерден аулақ болу сияқты денсаулық кепілі болатын негізгі бағыттар түсіндірілді.
Денсаулық – адам өмірінің ең асыл қазынасы. Оны сақтау – әркімнің өз қолында екендігін ұғындырған бұл шара оқушылардың санасына салауатты өмір салтының маңызын тағы бір мәрте сіңірді.