07
апрель
2026
Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша акушер-гинеколог маманымен кездесу өтті
Бүгін мектеп қабырғасында нәзіктік пен жауапкершілікті тоғыстырған тағылымды кездесу өтті 🤍
8–11 сынып қыздары Ана мен бала орталығының білікті маманы, акушер-гинеколог Асиса Сағындықовна Темірхановамен жүздесіп, маңызды өмірлік тақырып төңірегінде ой бөлісті.
Кездесу барысында ерте жүктіліктің алдын алу, оның жас өмірге тигізер әсері мен салдары жайлы сырлы да салмақты әңгіме өрбіді. Дәрігер әрбір қыз баланың болашағы өз қолында екенін, денсаулық — аманат, ал оны сақтау — үлкен жауапкершілік екенін жүрекке жеткізе айтты.
Қойылған сұрақтарға өз ойларын ашық білдіріп, маңызды кеңестер алды. Осындай мәні терең кездесулер қыз балалардың саналы, салиқалы, әрі өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын тұлға болып қалыптасуына жол ашады.