Үлбі полиция бөлімінің қызметкерімен кездесу өтті
Үлбі полиция бөлімінің қызметкері Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларымен танымдық-профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кездесу барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, көшедегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәдениеті, интернет-алаяқтықтың заманауи түрлері мен одан қорғану тәсілдері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар буллинг пен кибербуллингтің алдын алу,