04
ноябрь
2021
Педагогикалық кеңес
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша
"Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі"КММ
Педагогикалық кеңес өткізу тұжырымдамасыӨткізу күні: 4 қараша 2021 жылғы
Өткізу уақыты: ZOOM платформасында уақытын жеке анықталады
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу негізінде «Белсенді оқыту әдістері арқылы жоғары нәтижеге жету»
Педагогикалық кеңестің мақсаты: Қазақстан Республикасында білім беруді 2020-2025 жылдарында дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ауқымында білім алушылардың оқуды аяқтағанда қандай құзыреттіліктерді меңгеруі қажет екендігін айқын көрсетілген және мектеп қабырғасында оқушыларға нәтижеге бағытталған білім беру арқылы олардың тұлғалық ерекшеліктері мен қасиеттері ашылатын, шығармашылық ойлау , өз бетінше шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру тұрғысындағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымдары айқындалған. Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының негізгі мақсаттарының бірі ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу
Өткізту форматы: қашықтықтан ZOOM платформасында. Алдын-ала мұғалімдерге сілтеме жіберіледі
Қатысушылар: мектеп әкімшілігі,педагогтер
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
- Өткен педагогикалық кеңес шешімі орындалу барысы.
- Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу негізінде «Белсенді оқыту әдістері арқылы жоғары нәтижеге жету»
Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлаудың тиімді тәсілдері
Жауапты: тәрбие ісі меңгерушісі М.С.Жақсыбаева
А) Бастауыш сыныпта қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Жауапты: бастауыш сынып бірлестігі А. С. Дамулдина
Б) Жазбаша жұмыстарды ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Жауапты: тарих пәні мұғалімі: Р. С. Чекетаева
В) Үш сұрақ көлеміндегі ой толғаныс
I. Педагогикалық дизайн дегеніміз не?
II.Педагогикалық дизайн модельдері.
II.Кері дизайн. Неліктен оқу жоспарын «соңынан бастау» ең тиімді тәсіл деп саналады?
Жауапты: Жаксылыкова Гульмира Идришевна, «Өрлеу» БАҰО АҚ ШҚО бойынша ПҚ БАИ тренері
Г) Физика пәнінде оқутудың белсенді әдістері арқылы қызығушылығын арттыру.
Жауапты: физика пәні мұғалімі А.А.Муртазалиева
Д) Математика пәні бойынша ҰБТ дайындау барысында сапаны нәтижеге жетудің тиімді жолдары.
Жауапты: математика пәні мұғалімі Калимолдина Г.К
I тоқсан бойынша білім сапасы.
Жауапты: оқу ісі меңгерушісі А. К. Нурсадыкова
- Баланы өз бетінше жұмыс істеуге қалай ынталандыруға болады?
- Әр түрлі мәселелер
- Белсенді оқыту әдістері арқылы жоғары нәтижеге жету
Жүсіпбек Аймауытов
21-ғасырда кез келген оқушының бойында зерттеу, проблеманы шешу, өз бетінше оқу, ынтымақтастық, деректерді өңдеу, жасау және жобалау дағдыла-рын қалыптастыру үшін белсенді оқу әдіс-тәсілдердің тиімділігі өте зор.
Белсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық қуатты құралдармен ықпалдасты-ра отырып пайдалану оқушы ойын толық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағ-дыланып, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтіп, өмірге деген көзқарасын жан-жақ-ты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашады.Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттып, ақпаратпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Оқушылар теориялық білімі мен практикалық білі-мін ұштастырып,өмірде қолдана алуларына дағдыланады.
Сабақта белсенді оқу әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білу мұғалімнің ше-берлігіне байланысты. Ол үшін оқушының белсенділігін арттыратын және әрі қарай ізденуіне байланысты арналған тапсырмаларды орындату арқылы жүзеге асыруға болады. Белсенді оқу арқылы оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын жақсарту үшін сабақтарды қызықты, әрі тартымды етіп құру. Әр түрлі бел-сенді оқу әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, сабақтың мазмұнын түрлендіре білу. Оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысты жақсартады. Нәтижелі кері байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, соған сәйкес шешімдер шығарылды.
