Т.Бигелдиновтің 100 жылдығы
«Қазақтың текті қыраны-Талғат Бигелдинов» тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасының оқытушысы подполковник Испулов Кали Саркытпаевич шақырылды. Мақсаты: Әскери мамандықтың қыр-сырымен таныстыру, Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған ұшқыш жауынгер Талғат Бигелдиновтың ерлік істері туралы әңгімелей отырып, өмір жолын, ерлігін танытып және үлгі-өнеге тұту.