12
декабрь
2022
«Желтоқсан желі ызғарлы» оқушылармен кездесу
12- желтоқсан 2022 жылы «Желтоқсан желі ызғарлы» тақырыбында 9- сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге желтоқсан оқиғасының куәгері Ахметжанова А.К. қатысып, 1986 жылғы Алматы қаласындағы 16-17 желтоқсан күнгі оқиғасының естеліктерімен бөлісті.Аталған тақырыпқа байланысты Балалар және жасөспірімдер кітапханасы кітап көрмесін көрсетті. Іс- шараның мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру,Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын еске алу.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасындағы азаматтардың ерлігін үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
