Әшім Садыққызының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сабақ
24-ші ақпан күні мектебіміздің 7 сынып оқушылары Балалар және жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған Зайсан өңірінің тумасы, шығысқазақстандық қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш болыс, халық өнерпазы, айтыскер ақын жерлесіміз Әшім Садыққызының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сабаққа қатысты. Оқушылар Әшім Садыққызының өмірі мен қоғамдық қызметі, ел арасында сақталған мұралары, сол дәуірде өмір сүрген басқа да өнер адамдары туралы мол мағұлмат алып, ақынның Қамза Жамановпен