24
февраль
2023
Әшім Садыққызының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сабақ
24-ші ақпан күні мектебіміздің 7 сынып оқушылары Балалар және жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған Зайсан өңірінің тумасы, шығысқазақстандық қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш болыс, халық өнерпазы, айтыскер ақын жерлесіміз Әшім Садыққызының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сабаққа қатысты.
Оқушылар Әшім Садыққызының өмірі мен қоғамдық қызметі, ел арасында сақталған мұралары, сол дәуірде өмір сүрген басқа да өнер адамдары туралы мол мағұлмат алып, ақынның Қамза Жамановпен болған айтысын рөлге бөліп оқыды. Танымдық сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар «Кахут» қосымшасында тақырыпқа қатысты сұрақтарға жарыса жауап беріп, өзара жеңімпаздарды сарапқа салды.