20
апрель
2023
20- сәуір 2023 жылы Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы мамандары "Кітап шоу-2023" фестивалі аясында,
20- сәуір 2023 жылы Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы мамандары "Кітап шоу-2023" фестивалі аясында, мектебіміздің 6 «Г » сынып оқушыларымен Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы, партизан Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толуына орай «Ел рухын көтерген ер» атты әдеби дтанымдық сабақ өткізді.
Шара барысында жазушының өміріне тоқтала отырып, Ұлы отан соғысының тарихынан бастап, елдегі болған оқиғаға және оның құрбандары жайлы ақпараттар берілді. Қатысушылар карта арқылы майдан даласына саяхат жасай отырып бекеттердегі тапсырмаларды орындады. «Тарих», «Тау мен дала», «Әдебиет» атты бекеттерде Қасым Қайсеновтың өмір деректері мен шығармаларынан қойылған сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Шара соңында «Қасым» фильмінен үзілді көрсетілді.