14
январь
2025
"Интернетке қаншалықты тәуелдісіз?" тақырыбында диспут өткізілді
Бүгін 2025 жыл,14 қаңтар күні Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының мамандары 5 "Б" сынып оқушыларымен «Интернетке қаншалықты тәуелдісіз?» тақырыбында диспут өткізді. Диспут барысында оқушылар «Инстаграм», «Фейсбук» топтарына бөлініп, ұялы телефон мен интернеттің пайдасы мен зияны туралы өзара пікірлерін білдірді. Бір-біріне сұрақтар қойып, дәлелдер келтірді, «Интернетке тәуелділіктің зияны» атты постер қорғады. Тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсетіп, интернетке тәуелділіктен құтылудың жолдары бойынша кеңестер айтып өтті. Балаларға бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында пайдалы сайттар таныстырды. Сондай-ақ, білімді тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін кітаптарды оқуды ұсынды.
