12
декабрь
2022
«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» сынып сағаты
Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп- лицейінің 10- сынып оқушыларына «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты шара өтті. Шара барысында жас жеткіншектерге салауатты өмір салтын насихаттайтын видео роликтер көрсетіліп, қазіргі таңдағы қоғамды алаңдатып отырған энергетикалық сусындар мен фасфут өнімдерінің зияны туралы ақпараттар берілді. Сондай -ақ, сабақ барысында оқушылар топтарға бөлініп бір-бірлеріне сұрақтар қоя отырып, «Салауатты өмір салтын ұстану үшін не істеу керек?», «Дұрыс тамақтанбаудың ағзаға тигізер зияны қандай?» деген сауал төңірегінде өз пікірлерін білдірді. Берілген тірек сөздерді пайдалана отырып «Денсаулық зор байлық» тақырыбында қысқаша эссе жазды.


