Ауа райы қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқыту ж » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің « Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 76-82-49
Есепші бөлімі:
+7(7232) 76-62-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
февраль
2024

Ауа райы қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқыту ж

Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар. Өмір жағдайлар барысында бүгінгі білім алушылар жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалануда. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты. Ауа райы қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқыту жағдайында жоғарыда аталғандарды пайдалануға мүмкіндік туып отыр. Қашықтықтан оқыту онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) формада ұйымдастырылуда. Интернет ресурстарының көмегімен мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге жағдай жасалуда. Республикалық “Bilimland”, “Daryn.online”, “Күнделік” порталдары ұсынылды. Сонымен қатар оқытушыларымыз бен білім алушыларымыздың арасындағы байланыс түрлі мессенджерлер арқылы жүзеге асырылуда. Zoom, Google Meet, Google Classrom платформалары, электронды пошталар білім берудің мүмкіндіктерін арттырды. Электронды пошта немесе WhatsApp желісі арқылы оқушылар жұмыстарын жіберіп, кері байланыс алуда. Аталған режимде жұмыс істеу педагогтар үшін де, балалар үшін де оңай шаруа емес, біраз күш-қуатты талап етеді. Қашықтықтан оқыту – оқушыдан қашықтықта болу деген емес, оқушыға бұрынғыдан да қатты жақындау; оқушыға барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау. Мектебіміздегі ұстаздар қауымы әр сабағына жауапкершілікпен дайындалып, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып сабақтарын өткізуде.