19
октябрь
2023
"Республика күніне" және "Төрт тоқсан- төрт өнер" жобасы шеңберінде "Ақын сөзі- тәрбие көзі" тақырыбында белгілі ақынмен кездесі
19 қазан күні Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп- лицейінде "Республика күніне" және "Төрт тоқсан- төрт өнер" жобасы шеңберінде "Ақын сөзі- тәрбие көзі" тақырыбында белгілі ақын, жыршы,журналист, ҚР Мәдениет қайраткері,Зайсан ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - Серік Құсанбековпен кездесу өтті. Кездесу барысында ақынның шығармашылығы, айтыс өнеріндегі жолы, қызметі жайлы сыр сұхбат болды. Ақынның "Дүбірге толы дүние", "Көкдауыл" және баспа беттеріне жарияланған мақалалары туралы құнды ақпараттар берілді. Кездесудің жас ұрпақ үшін танымдық, тәрбиелік, патриоттық маңызы зор.
