Драма театрда "Алтын балапан" қойылымын тамашалады
5 "В"сынып оқушылары күзгі демалыста Облыстық драма театры артистері қойған "Алтын балапан" қойылымын тамашалады. Жарқын стильде декарациялық безендірілген және тартымды көңілді заманауи музыкамен сүйемелденген бұл сахналық қойылым оқушыларға өте ұнады. Отбасы бірлігін, достықты, өмірдегі таза шынайы қарым-қатынасты, ата-ана мен бала сүйіспеншілігін дәріптейтін ертегі қойылымы оқушыларға үлкен әсер қалдырды. Сынып жетекшісі:Г.А. Мусабекова