Кәсіптік бағдар беру кездесу өтті
🎓 Кәсіптік бағдар беру кездесуі Бүгін мектепте Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілдерімен кездесу өтті. 🔬 Университет мамандары оқушыларға заманауи жабдықталған зертханалары мен оқу мүмкіндіктері туралы айтып, бакалавриат мамандықтарымен таныстырды. 🎥 Сондай-ақ, оқушылар университет жайлы бейнеролик тамашалап, QR код арқылы анкета толтырды. 💡 Кездесу оқушыларға болашақ мамандығын таңдауда бағыт-бағдар берді.