12
ноябрь
2025
ШҚО ДСБ "ШҚО "ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы" мекемесінің бас дәрігерімен кездесу өтті
Бүгін мектебімізде ШҚО ДСБ "ШҚО ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» мекемесінің эпидемиолог- бас дәрігері Аукенова Аяулым Еркиновна 8"А","Б","В".10"Б" сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ЖИТС-тің алдын алу, денсаулықты сақтау және жауапкершілікті мінез-құлық қалыптастыру мәселелері талқыланып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және олардың болашағын қорғауға бағытталған дәріс жастардың денсаулық туралы сауатын арттырып, олардың жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Осындай ақпараттық жұмыстардың маңыздылығын ескере отырып, қоғамда дені сау ұрпақ тәрбиелеуге бірге үлес қосайық!





