"Жүректен-жүрекке" Республикалық акциясы басталғанын хабарлаймыз!
Құрметті ата-аналар,ұстаздар,демеушілер! 01.03.2024 -31.05.2024 ж аралығында "Жүректен-жүрекке" Республикалық акциясы басталғанын хабарлаймыз! Акцияның мақсаты: көп балалы отбасынан, аз қамтылған отбасының, қамқоршылықтағы балалар, ата-анасы мүгедек болып табылатын балалардың тілектерін орындау үшін ортақ күш салу. Осы акцияға бір кісідей ат салысуға шақырамыз! Акция бойынша спонсорлық көмек көрсетемін деушілерді қуана қарсы аламыз! Мекен жай: Әміре Қашаубаев 7 (13 кабинет)