30
сентябрь
2026
Таза Қазақстан - таза болашақ
Бастауыш сынып оқушыларымен табиғатты қорғау және қоршаған ортаны аялау мақсатында «Жасыл желектің экологияға пайдасы» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. 🌱
Сабақ барысында оқушылар жасыл желектің адам өмірі мен табиғаттағы маңызы туралы білімдерін толықтырып, ағаштар мен өсімдіктердің ауаны тазартуға, оттегін бөлуге, қоршаған ортаны көркейтуге қосатын үлесі туралы білді.
🌳 Балалар табиғатты қорғау – әр адамның міндеті екенін түсініп, ағаштарды сындырмау, өсімдіктерге қамқорлық жасау, айналаны таза ұстау қажеттілігі туралы өз ойларымен бөлісті.
Табиғатты сүйіп, оны қорғау – таза болашаққа бастар жол! 💚