28
ноябрь
2022
Қыс мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары
28 қараша күні 1-11 сынып оқушыларына "Қыс мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары мен су объектілерінде қауіпсіздік ережелерін зерделеу" тақырыбында қауіпсіздік сағаты ZOOM платформасында қашықтықтан өтті. Қауіпсіздік сағаты ата- аналар жиналысының күн тәртібінде қаралып, нұсқаулықтар берілді. Мақсаты: мұз-судағы жүріс-тұрыс қағидаларын түсіндіру және оқыс оқиғалардың алдын алу. Мұздағы және судағы қауіпсіздік қағидалары туралы түсінік қалыптастыру. Өз денсаулығының бағалы байлық екендігіне көз жеткізе отырып, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
