Педагогикалық кеңес » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің « Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 76-82-49
Есепші бөлімі:
+7(7232) 76-62-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
август
2021

Педагогикалық кеңес

№1 Педагогикалық кеңес
Өткен күні: 27.08.2021 жыл
Өту орны: АКТ залы
2021 жылы 27 тамызда 2021-2022 жаңа оқу жылының №1 педагогикалық кеңесі өтті. Тақырыбы: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал білім беруге арналған шешімдер». Педагогикалық кеңесте төмендегі күн тәртібіндегі мәселелер қаралды:
1. 2020-2021 оқу жылында атқарылған оқу-тәрбие қорытындысы және жаңа оқу жылындағы мектеп-лицейдің мақсаты мен міндеттері.   2021-2022 оқу жылына  арналған оқу жоспарын бекіту
Жауапты: ОІМ: Нурсадыкова А.К.
2. 2021-2022 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық хатпен таныстыру.
Жауапты: ОІМ: Дюсупова Л.С.
4. 2020-2025 оқу жылының  ТЭЖ, мектептің даму бағдарламаларының тақырыбы..
Жауапты: ОІМ: Калимолдина Г.К.
5. 2021-2022 оқу жылына арналған оқу жоспарын таңдау және бекіту
6. Мұғалімдерді аттестаттау комиссия құрамын бекіту
7.Әр түрлі мәселелер
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Білім алушыларға қауіпсіз және жайлы ортаны қамтамасыз ету
2. Білім алушылардың оқу жүктемесін азайту
3. Педагогтер жүктемесін қысқарту (16 сағатқа дейін)
4.1-сыныптарға «Әліппе», «Ана тілі», «Букварь», «Обучение грамоте», «Цифрлық сауаттылық» пәндерін енгізу
5. 5-11 сыныптарда «Жаһандық құзыреттілік» таңдау курсын енгізу 
6. «Музыка» оқу бағдарламасының шеңберінде 6-сыныпта домбырада ойнауды үйрету
7. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру
8. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру
9. Оқытудың түрлі форматтарына мектептердің дайындығын қамтамасыз ету
10. Білім алушылардың білімдегі ерекше қажеттіліктерін диагностикалау
11. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу
12. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды тиімді психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету
13. Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру
14. Сабақтың ұзақтығы 45 минут. Міндетті формативті бағалау 
15. «Оқуға құштар мектеп», «Дебаттар», «Өзін-өзі басқару күні», «Мектеп театры» жобаларын іске асыру
16. Мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқуды ұйымдастыру
17. Мектептің мәдени ортасын ұлттық құндылықтар негізінде қалыптастыру (қарым-қатынас, мектеп қоңырауы)
18. Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту
19. Мектептердің дамуына меценаттық қолдауды кеңейту
20. Ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу
21. Оқушылардың дене дамуы мен денсаулық тобының мониторингін жүргізу
22. Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндерді жүргізу бойынша мүмкіндігін кеңейту
23. Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу
Педагогикалық кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, соған сәйкес шешімдер шығарылды.

Похожие публикации: