30
март
2022
Педагогикалық кеңес
2022 жылы 30 наурызда «Оқушыларды ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту арқылы өмірде, мектепте, азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта болуға және өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамыту және сынып жетекшілердің біліктілігін қалыптасқан, жетілген деңгейге көтеру» ТЭЖ тақырыпта педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте төмендегі күн тәртібіндегі мәселелер қаралды:
1.Өткен педагогикалық кеңес шешімі қорытындысы бойынша хабарлама.
2. III -ші оқу тоқсанның қорытындысы, білім сапасы.
3. «Оқушыларды ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту арқылы өмірде, мектепте, азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта болуға және өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамыту және сынып жетекшілердің біліктілігін қалыптасқан, жетілген деңгейге көтеру» ТЭЖ
3.1. Адамгершілік құндылықтарды, патриотизмді және қазіргі жастардың бағдарларын анықтау бойынша сауалнама қорытындысы
3.2. «Азаматтық- патриоттық тәрбие беру» топтық жұмыс
3.3. Қорытынды.
3.3. Әр түрлі
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан бұлай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал, көп ұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді. Бұл құптарлық жай өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемелекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір сүріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Патриотизмнің теориялық деңгейі. Ол Отанның құрылуы, дамуы, сақталуы, оның егемендігі мен тәуелсіздігі туралы ғылыми білімдерді жете меңгеруі. Отанға қызмет көрсету турасындағы патриоттық идеялар, патриоттық мінез-құлық нормалары. Ал, «Отан» сөзіне анықтама берсек, ғалым М.С.Жүнісовтың айтуынша ол үш құрамдас бөліктен тұрады:
1. Туған жер, яғни халықтың өзі жасаған тарихына байланысты этикалық аймақ.
2. Өзінің тілі, ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі қалыптасқан белгілі бір халық.
3. Отанның типін анықтайтын қоғамдық-экономикалық және әлеуметтік саяси құрылыс.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ата-ана мен педагог, оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігін арттыру жүзеге асырылуда. Оқу- оқушылардың білімін, тәрбиесін, мәдениет арттырудың маңызды факторы. Пайдасы:
- дүниетанымды арттырады;- жадыны күшейтеді;- сауаттылығын арттырады;- ұйқыны дұрыстайды;- қартаюды баяулатады;Мектебімізде «Жыр алыбы- Жамбыл» атты мәнерлеп оқу сайысы, «20 минуттық оқу», «Дала қоңырауы» «Қазақ ертегілері» бойынша мейкерспейс, «Алтын сақа» интеллектуалдық ойыны, «Ұсқынсыз үйрек» шығармашылық жұмыстары, «Мақта қыз бен мысық» суретті буклеті, «Көксерек» повесі бойынша оқырман бенефисі, «Мақал-сөздің мәйегі» сайысы, көрмелер ұйымдастырылды.
«Әлемді кітап арқылы танимын» республикалық сайысынан 5-7 оқушылары гран-при иеленсе, «Оқы және жауап ал» конкурсынан 7- сынып оқушысы жүлделі орынға ие болды.
«Бірге оқиық» акциясы бойынша отбасылық оқу жүйелі жоспарға сәйкес өтуде.
Үнемі «ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасымен» тығыз байланыс жасап, іс-шараларға белсенді қатысуда.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша SWOT талдау ұсынылды.