№2 педагогикалық кеңес » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің « Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 76-82-49
Есепші бөлімі:
+7(7232) 76-62-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
октябрь
2023

№2 педагогикалық кеңес



Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша

"Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі"КММ

Педагогикалық кеңес өткізу тұжырымдамасы

Мерзімі : 27.10.2023ж

Уақыты: сағат 12:30-13:50

Қатысушылар: мектеп әкімшілігі,педагогтар

Өтетін орны: Акт залы.

Күн тәртібі

1.     Өткен педагогикалық кеңес шешімінің қорытындысы

  Жауапты: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.С. Дюсупова 

2.      "Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы"  

Жауапты: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К.Нурсадыкова

3.     Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту

Жауапты: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Калимолдина 

«Ақыл-ойды технологиямен тоғыстырайық»  тәжірибелік бөлім

I)«Цифрлы ph-math» Жауапты: А.А.Муртазалиева, Н.Т.Иляшова

II)« Цифрлы Language» Жауапты : А.С.Мамытова,Ә.Н.Төкенова

III)« Цифрлы Version» Жауапты : А.Е Базарова ,М.Т.Бөленбаева

IV)« Цифрлы sing»   Жауапты : Г.Ж.Абсеитова,Ж.К.Нашинова

4.      Педагог қызметіндегі цифрлық құзыреттіліктің маңызы 

                          Жауапты педагог-психолог А.Т.Хизина

5.     Әртүрлі мәселелер 


Мақсаты: Мектеп  мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу.

Болжамы: мұғалімдер мектептің цифрлық ресурстары арқылы  АКТ-ның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланса,  білім сапасы артады, өйткені ақпараттық сауаттылығын арттырып, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.

Міндеттері :

  • мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың -теориялық негіздерін нақтылау;
  • мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау және құрылымдық моделін жасау;
  • мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруды эксперименттік-   тәжірибе жолдармен тексеру және нәтижесін анықтау;
  • мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын тәжірибеге ендіру.

Идеясы: АКТ-ны пайдалану мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болады.

Әдіснамалық және теориялық негіздері: АКТ арқылы оқыту үрдістерін дамыту жолдары, ақпараттық құзыреттілікті дамыту теориясы, оқытудың ақпараттық технологиясының мәні және оларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері туралы теориялық тұжырымдамалар.

Кезеңдері:

1- кезеңде материалдар жинақталды, АКТ-ны қолдану мәселелері бойынша ғылыми еңбектерге талдау жасалынды. Талдау негізінде АКТ-ны пайдаланып мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту мүмкіндіктері айқындалды. 

2-кезеңде  АКТ-ны пайдалану арқылы  мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту моделі құрастырылып, оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдары, 

Нәтижелері бойынша мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін дамытуға бағытталған АКТ-ны оқу үрдісіне пайдалану жолдары туралы әдістемелік материалдар құрастырылып, жетілдірілді. 

Жұмыстың әдістемелік тиімділігі тексеріліп, нәтижелері практикаға енгізілді, ұсыныстар берілді.

Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту.

Бүгінгі күн талабы жалпы білім беру жүйесіне, білім беру мазмұны мен оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктеуде. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына білім мен ғылым жетістіктері ықпал ете отырып, мемлекеттің болашағы оның ұрпағының білімділігімен өлшенеді. 

Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі қадап айтылған және қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, Интернетті және электрондық почтаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі де атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және интерактивтік технология құралдарын, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажет .

Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Яғни, қазіргі таңда бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.


Похожие публикации: