03
ноябрь
2022
«Бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесіндегі зерттеу жұмысы» шеберлік сынып
2022 жылдың 3 қараша күні «Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейінде" ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің айлық жоспарына сәйкес «Бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесіндегі зерттеу жұмысы» атты қазақ мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған шеберлік сынып өтті. Шеберлік сынып аясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К. Нурсадыкова аталған тақырып бойынша мұғалімдерге мектепте тәжірибе-эксперименттік жоспарын әзірлеу, оны дұрыс жүзеге асыру бойынша бағыт-бағдар беріп өтсе, педагог-зерттеуші бастауыш сынып мұғалімдері А.С.Дамулдина, Н.У.Ерданинова,
Ж.С. Бабаканова өздерінің өзекті тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерін ортаға салды. Қатысушы мұғалімдер шеберлік сыныпқа оң бағаларын берді.
Ж.С. Бабаканова өздерінің өзекті тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерін ортаға салды. Қатысушы мұғалімдер шеберлік сыныпқа оң бағаларын берді.
