17
июнь
2022
"Жазғы мектеп" кезінде 5-сынып оқушыларымен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
"Жазғы мектеп" кезінде 5-сынып оқушыларымен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Жарыстың жүргізушісі 5-"Г" сынып оқушысы Қанатова Әдемі 5-сыныпта өткен материалдар негізінде сұрақтар әзірлеп, бағдарламада өтілген тақырыптарды бір қайталатып өтті. Сайыстың "Тұлғаны таны" бөлімінде ақын-жазушы, тарихшылар туралы білетіндерін ортаға салды. Білім алушылардың зеректігі мен қырағылығын байқау мақсатында логикалық сұрақтар қойылды. Сайыстың нәтижесінде "Қыран" тобы 1-орын, "Барыс" тобы - 2-орын, "Тұлпар" тобы 3-орынды иеленді.
