31
май
2021
31 Мамыр Ашаршылық және саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні.
Тарихтағы бұл қаралы күн Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтеді.Тарих қойнауына көз жүгіртіп қарасақ, сонау Кеңес үкіметі құрылған 1917 жылдан бастап , 1928 жылғы ірі байлардың мүлкін тәркілеу, қызыл үкіметке бағынбағандарды жер аудару, ату, қуғындау, Қазақстанды басқарған Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Филипп Исаевич Голощекиннің билікке келуімен басталған 1929-1932 жылдардағы «Кіші Қазан», шаруаларды күштеп ұжымдастыру саясаты, 1931-1933 жылдардағы табиғат апаты - құрғақшылық пен қатар Кеңес үкіметі қолдан жасаған аштық , 1937- 1938 жылдардағы сталиндік саяси қуғын - сүргін қазақ халқын қынадай қырып, ұлтымыздың санының азаюына әкеп соқтырды.1931-1933 жылдары болған ашаршылықтан 2 миллионнан астам жуық қазақ қырылды. Ашаршылыққа шыдамаған 2 миллионнан астам қазақ Өзбекстан,Түркменстан, Иран, Ресей, Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Еуропа елдеріне қоныс аударды.


