19
октябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы негізінде гуманитарлық бірлестік мұғалімдері арасында
"Оқуға құштар мектеп" жобасы негізінде гуманитарлық бірлестік мұғалімдері американдық жазушы Эрнест Миллер Хемингуэйдің«Шал мен теңіз» повесі бойынша ойларын ортаға салды. Шара барысында кинофильмнен үзінді, жазушының өмірі туралы дерек таныстырылды. Нобель сыйлығына ие болған шығарманы оқи отыра балықшы шалдың психологиялық жай-күйін әңгімелей отырып, өмірдегі қиындықтармен күресе біліп, үмітті үзбеу керектігін айтты. Шығарма үзінділерінде берілген терең ойларға қатысты өзіндік пікірлерін білдірді.






