25
ноябрь
2022
«Келешектің тұтқасы - білімді ұрпақта» атты мектепішілік пәндік олимпиада
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ 25 қарашада 8-11 сыныптар арасында «Келешектің тұтқасы - білімді ұрпақта» атты мектепішілік пәндік олимпиада өтті.Олимпиада резерв мектебінен қатысуға 11 пән бойынша дарынды оқушылар тартылды.Салтанатты ашылу жиынын мектептің директоры Шаянбаева Ж.А құттықтауымен басталды,одан кейін оқу ісі меңгерушісі Калимолдина Г.К оқушылардың алдағы олимпиадалардың кезеңдеріне сүрінбей өтіп,өздерінің білімдерін тиімді пайдаланып, ұлтымыздың тұтқасын ұстар ұрпағымыздың білім шыңнан көрінулеріне тілек білдірді.


