Мектептегі тарихи білім
Мектептегі тарихи білім
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті базасында «Мектептегі тарихи білім: Жаңа тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» атты тарих пәні мұғалімдерінің съездіне қатысып қайтқан съезд делегаттары Өскемен қаласындағы әріптестерімен өзара пікір бөлісті.
Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің тарих мұғалімі Р.С.Чекетаева., №2 орта мектептің тарих мұғалімі И.С.Жданова 16 наурыз күні съезд барысында талқыланған Ұлттық тарих тұжырымдамасының негізгі идеясын қалалық шығармашылық топта талқылады. Тарих пәні мұғалімдері оқытылатын пәннің мазмұны, әдіснамасы және сапасы бойынша диалогтарға белсенді қатысты.
Сонымен қатар облысымызда өткен «Тарих пәнінен білім беруді дамыту: бүгіні мен болашағы» облыстық форум жұмысында съезде берілген ұсыныстарды тәжірибеде қалай қолдана бастағандарына тоқталды.


