30
сентябрь
2025
Шебер Жанарбек Қазезұлымен кездесу өтті
Бүгін 8 "А" сынып оқушылары Шығыс өңірінде домбыраның түр-түрін жасаумен айналысатын шебер Жанарбек Қазезұлымен кездесу өтті. Жанарбек Қазезұлы балаларға домбыраны жасаудың қыр-сырын үйретіп, тіпті шеберлік сағатын да көрсетті. Шараға қатысушылар қазақтың қара домбырасының қасиетін сезініп, оның жасалу құпиясымен танысып, күмбірлеген үнін естіп қазақтың байырғы салтына қаныға түсті.
Сынып жетекшісі: М.Т.Боленбаева

Сынып жетекшісі: М.Т.Боленбаева
