31
июль
2025
“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!!!

Құрметті ата-аналар мен қамқор жандар!
Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебіміз дәстүрлі “Мектепке жол” қайырымдылық акциясын бастайды.
Мақсаты: әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке дайындықта қолдау көрсету. Көмек түрлері: кеңсе тауарлары, мектеп формасы, аяқ киім, сөмке, басқа да оқу құралдары.Акцияның басталуы 2025 жылдың 1 тамызынан бастап, аяқталуы 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жоспарлануда. Қайырымдылық жасауға ниетті жандарды, демеушілер мен ата-аналарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Бір балаға қуаныш сыйлау – үлкен сауап!
Бізбен бірге болыңыз – “жақсылыққа бірге үлес қосайық! “