13
июнь
2025
Буллингтің алдын алуға бағытталған тренинг өткізілді
«Балдәурен» лагерінде буллингтің алдын алуға бағытталған маңызды тренинг өтті.
Мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде балалар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-бірін түсіне білу және психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында «Буллингке қарсымыз және одан қалай қорғануға болады» тақырыбында арнайы тренинг ұйымдастырылды.
Бұл маңызды шара барысында балаларға буллинг ұғымы, оның түрлері, себептері мен салдары жайлы жан-жақты түсінік берілді. Тренинг барысында балалар шынайы өмірден алынған түрлі жағдаяттар арқылы буллингке тап болғанда қалай әрекет ету керектігін үйренді.
Шарада оқушылар өз ой-пікірлерімен еркін бөлісіп, өмірде кездескен немесе естіген оқиғалар туралы айтып, бір-бірін тыңдауды, қолдауды және түсінуді үйренді. Жағымды атмосферада өткен бұл кездесуде балалар буллингтің ешкімге пайда әкелмейтінін, керісінше адамның психологиясына кері әсер ететінін ұғынып, «бірге болсақ – мықтымыз» деген ұранмен бірлік пен достыққа шақырды.
Лагерь ұжымы бұл тренингтің балалар үшін маңызды әрі пайдалы болғанын атап өтті. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар балалардың болашақта саналы, ізгілікті тұлға болып қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз.