07
апрель
2025
Дүниежүзілік денсаулық күні
Бүгін, 7 сәуір күні, Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектепте 8 "А", "Б", "В" және 7 "Б" сынып оқушыларының қатысуымен "Темекі шегу және оның салдары" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Шығыс профилактика орталығының маманы Джембаева Армангүл Махсұтқызы арнайы шақырылып, оқушыларға темекінің адам денсаулығына зияны, оның ұзақмерзімді салдары және алдын алу жолдары туралы жан-жақты мағлұмат берді.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, маманға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауап алды. Мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулер оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруына оң әсерін тигізері сөзсіз.