29
январь
2025
Ауған соғысы ардагері, мектебіміздің түлегі О.Друженьковтың туған күніне арналған кездесу өтті.
29-қаңтар күні Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп- лицейінде Ауған соғысы ардагері, мектебіміздің түлегі О.Друженьковтың туған күніне арналған кездесу өтті. Кездесуге қалалық ауған соғысы ардагерлері Кадыров Серік Гадылбекович және ауған соғысы ардагері Долгов Александр Владимирович қатысты. Іс- шара барысында Ауған соғысы тарихы, Кеңес әскерлері ерлігі, соғысқа қатысқан Өскемен қаласы жауынгерлері еске алынды, сонымен қатар келген қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, азаматтық- патриоттық тәрбие беру жұмысы жүргізді.










