22
ноябрь
2024
«Менің кішкентай досым» тақырыбында 7 "Б" қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
22 қарашада қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төкенова Ә.Н. «Менің кішкентай досым» тақырыбында 7-«Б» сыныбымен қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында қазіргі жастардың көпшілігінде бар «Лапка» деген ойыншықтың танымалдылығының себебін сұрай отырып жаңа тақырыпқа көшті. Сабақ барысында оқушылар проблемалық сұрақтарды құрастыру мақсатында тапсырмалар орындады. «Қадам» анимациялық студияның әзірлеген «Көксерек» туындысынан үзінділерді келтіре отырып, сұрақтармен жұмыс жасау арқылы табиғат пен адмзаттың үндестігіне тоқталды. Грамматикалық тақырыптар бойынша оқушылардың білімі «ZipGrate» қосымшасы арқылы тестілеудің нәтижесін сканерлеу арқылы оқушыларға көрсете білді. Сабақ барысында тақырыпқа қатысты бағалау түрлері ұйымдастырылды.
