26
сентябрь
2024
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» мектепішілік ата-аналар жиналысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-де 26 қыркүйек күні «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды.
Жиналыста қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі талқыланды.
Балалардың психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындар мен топтардың түрлері ата-аналарға таныстырылып, қауіптердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналысқа Үлбі КПБ полиция бөлімінен полиция капитаны Дюсубеков Ернар Болатканович пен Маликов Айдын Қабылұлы қатысып, негізгі қауіптермен:
-интернеттегі қауіптер;
-шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;
-балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар;
-баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар;
-әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар жайлы ақпараттар берді.