06
июнь
2024
“Балдаурен” жазғы сауықтыру лагерінің 4-ші күні
“Балдаурен” жазғы лагерінің 4-ші күні әдеттегідей таңғы жаттығумен басталды.Әр топтың балаларына СӨМҚ орталығынан Жанар Асқарқызы келіп “Салауатты тамақтану” танымдық кеңесін өткізді. Әр өңірдің табиғат ғажайыптары ”Абайдың табиғат лирикасы” атты балалармен дөңгелек үстел өтіп, “Табиғатты қорғайық” челленджімен аяқталды. Балалар “Сиқырлы қылқалам” сурет жарысы арқылы өз өнерлерін ортаға салды. Күннің екінші жартысында балалармен Жас техниктар мектебіне барып, “Құпиялы әлем” квестін ойнады. Бүгінгі күн балаларға көңілді әрі қызықты өтіп үйлеріне тарқасты.
