18
октябрь
2023
«Шығыс профилактикалық медицина орталығы» ММ мамандары «Жасөспірім қыздар гигиенасы» тақырыбында семинар өткізді.
2023 жылғы 18 қазанда Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейінде «Шығыс профилактикалық медицина орталығы» ММ мамандары «Жасөспірім қыздар гигиенасы» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда репродуктивті денсаулық, өтпелі жас, қыз балалардың өтпелі жаста ағзадағы өзгерістері, өтпелі жастағы қыздардың жеке гигиенасы сұрақтары қаралып, дәріс оқылды.
