1- ші сыныпқа оқушыларды қабылдау нұсқаулығы » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің « Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 76-82-49
Есепші бөлімі:
+7(7232) 76-62-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
март
2023

1- ші сыныпқа оқушыларды қабылдау нұсқаулығы

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1-сәуірде басталады. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастайды. Биылғы жазда әр ата-ана мектепке өтінішті өткен жылғыдай үйден шықпай онлайн режимде бере алады. Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады. Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек. Олар – 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты»; 063/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжат және 3х4 өлшеміндегі екі фотосурет. Құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін. Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда, ата-аналар жақын маңдағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады.
https://youtu.be/GrmZbOmnmVQ