Ата-аналарға жол қауіпсіздігі бойынша ақпарат
Құрметті ата-аналар! Балаларға жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жүргізу сұралады. Себебі қазіргі таңда балалар арасында көлік жолына кенеттен жүгіріп шығып, келе жатқан автокөліктердің алдынан өтуді "ойын" ретінде қабылдап, жарысуда. Бұл әркеттер оқушылар мен жүргізушілердің өміріне елеулі қауіп төндіреді және қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.