02
октябрь
2026
Мұғалімдер күніне орай қазақ тілі пәнінен 9-сынып оқушылары арасында «Ұстаз» тақырыбында жаппай диктант жұмысы ұйымдастырылды
Ұстаз — білімнің шамшырағын жағып, шәкірт жүрегіне ізгілік пен адамгершілік дәнін себетін ұлы тұлға. Ұстаз еңбегі — ұрпақ болашағына салынған сара жол.
Мұғалімдер күніне орай қазақ тілі пәнінен 9-сынып оқушылары арасында «Ұстаз» тақырыбында жаппай диктант жұмысы ұйымдастырылды.
Диктант барысында оқушылар ұстаз еңбегінің қадір-қасиеті, білім мен тәрбие берудегі маңызды рөлі туралы мәтінмен жұмыс жасап, сауатты жазу дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, ұстазға деген құрмет пен алғыс сезімдерін тіл арқылы жеткізудің маңызын түсінді.
Әрбір жазылған сөз — ұстазға деген құрметтің,
әрбір сөйлем — білімге деген сүйіспеншіліктің көрінісі.
Ұстазға құрмет — білімге құрмет!
Барша ұстаздарға еңбектеріңізге толағай табыс, шәкірттеріңіздің биік белестерін көру бақыты бұйырсын!