23
сентябрь
2026
КҮЗДІҢ БЕРЕКЕСІ — КҮЗДІК ЖӘРМЕҢКЕ!
КҮЗДІҢ БЕРЕКЕСІ — КҮЗДІК ЖӘРМЕҢКЕ! 🍁
Бүгін мектебіміздің ауласында алтын күздің ажарындай әсем көңіл күй сыйлаған бастауыш сынып оқушыларының Күздік жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке барысында оқушылар мен ата-аналар бірлесе отырып, түрлі дәмді тағамдар мен тәттілерді дайындап, көпшілікке ұсынды. Үстелдерге сәнімен қойылған бауырсақ, бәліш, тәтті тоқаштар, түрлі десерттер мен өзге де дәмді тағамдар жәрмеңкеге келгендердің көңілінен шықты.
Жәрмеңкенің сәнін келтірген — ата-аналардың белсенділігі мен балалардың ерекше ықыласы. Әр



отбасы өз еңбегін ортаға салып, балаларына қолдау көрсетіп, ортақ мерекенің мәнін арттыра түсті.Белсенділік танытып, жәрмеңкеге ерекше үлес қосқан ата-аналарымыз түрлі номинациялар бойынша марапатталды.Ал кішкентай саудагерлеріміз өздерінің алғырлығын, ұйымшылдығын және жауапкершілігін көрсетіп, жәрмеңкенің қыза түсуіне атсалысты. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі мектеп ауласын ерекше жылылыққа бөледі.
Осындай тағылымы мол, көңілге қуаныш сыйлайтын шаралар арқылы балалар еңбекті бағалауды, бір-біріне қолдау көрсетуді, ұйымшылдық пен белсенділікті үйренеді.
🍁 Күздің молшылығы — дастарқанда, берекесі — бірлікте!


Бүгін мектебіміздің ауласында алтын күздің ажарындай әсем көңіл күй сыйлаған бастауыш сынып оқушыларының Күздік жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке барысында оқушылар мен ата-аналар бірлесе отырып, түрлі дәмді тағамдар мен тәттілерді дайындап, көпшілікке ұсынды. Үстелдерге сәнімен қойылған бауырсақ, бәліш, тәтті тоқаштар, түрлі десерттер мен өзге де дәмді тағамдар жәрмеңкеге келгендердің көңілінен шықты.
Жәрмеңкенің сәнін келтірген — ата-аналардың белсенділігі мен балалардың ерекше ықыласы. Әр




отбасы өз еңбегін ортаға салып, балаларына қолдау көрсетіп, ортақ мерекенің мәнін арттыра түсті.Белсенділік танытып, жәрмеңкеге ерекше үлес қосқан ата-аналарымыз түрлі номинациялар бойынша марапатталды.Ал кішкентай саудагерлеріміз өздерінің алғырлығын, ұйымшылдығын және жауапкершілігін көрсетіп, жәрмеңкенің қыза түсуіне атсалысты. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі мектеп ауласын ерекше жылылыққа бөледі.Осындай тағылымы мол, көңілге қуаныш сыйлайтын шаралар арқылы балалар еңбекті бағалауды, бір-біріне қолдау көрсетуді, ұйымшылдық пен белсенділікті үйренеді.
🍁 Күздің молшылығы — дастарқанда, берекесі — бірлікте!

