19
февраль
2026
ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген арнайы бейнероликтер көрсетілді
9-11-сыныптар Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген арнайы бейнероликтерді кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі учаскелік полиция лейтенанты Төкен Олжас Ертісұлының қатысуымен көріп, кәмелетке толмағандар заң бұзған жағдайда қандай қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ақпарат алды, "Заң мен тәртіп" аясында туындаған сұрақтарына жауаптарын алды. Бейнероликтер қоғамдағы өзекті мәселелерге арналған. Бейнероликтегі кейіпкерлер «закладка» деп аталатын түйіншектер мен пакеттерді жасыру есірткі заттарын өткізумен айналысқаны үшін өзінің жазасын өтеуші, ауыр дене жарақатын келтіргені үшін айыбын өтеуші жастардың өткенін баяндай отыра, нашақорлық пен әлімжеттіктің алдын алуға бағытталған. Болашаққа балта шабылмас үшін, қауіпсіз Қазақстан үшін әрбір адам заң мен тіртіпті қатаң ұстануы қажет.







