10
февраль
2026
«Viuspnik – 2026» білім беру көрмесіне толық қатысты
2026 жылғы 9 ақпан күні 9–11 сынып оқушылары «Viuspnik – 2026» білім беру көрмесіне толық қатысып қайтты. Көрме Өскемен қаласындағы «Ертіс концерт» залында өтті. Оқушыларды сынып жетекшілері мен кәсіби бағдар беруші маман бастап барды.
Көрме барысында оқушылар еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, мамандықтар, грант мүмкіндіктері, оқу шарттары туралы кеңінен ақпарат алды. Атап айтқанда: Air Astana, ALT University (Алматы), Esil University (Астана), VERTEXchool (Прага), Авалон, Азаматтық авиация академиясы, ATU, ҚазҰҚызПУ, МГУ филиалы (Астана), Нургалиев колледжі, Абылай хан атындағы ҚУМОиМЯ, EDU курстары, МИФИ (Алматы), Туран Астана, Аманжолов университеті, Сагинов университеті (Қарағанды), Шәкәрім университеті және басқа да оқу орындары қатысты.
Оқушылар өздерін қызықтырған университеттерден жеке кеңес алып, болашақ мамандық таңдауға маңызды ақпарат жинады. Осындай кездесулер жас ұрпақтың саналы таңдау жасап, мақсаттарына нық қадам басуына үлкен мүмкіндік береді.